Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы. Бостандық шағын ауданы, А.Ділмаганбетов көшесі, 28 құрлыс
8 701 591 13 66
8 777 434 83 06
8 775 304 80 63
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№18 «Мереке» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК

2026 жыл 14 сәуір күні  №18"Мереке" бөбекжайы ЖБҚ МКҚК-да  "Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру үдерісінде инновациялық тәсілдері арқылы, ұлттық тәрбиемен адал азамат қалыптастыру"  тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Мақсаты:Мектепке дейінгі білім беру үдерісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балалардың ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиесін қалыптастыру және жан-жақты дамыған, адал, саналы азамат тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Балабақшада заманауи педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдістерді тиімді енгізу.
2. Балалардың ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрге, ана тіліне деген қызығушылығын арттыру.
3. Әр баланың жеке қабілетін дамытуға бағытталған білім беру ортасын қалыптастыру.
4. Тәрбие мен оқытуда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды ұштастыру.
5. Балалардың адамгершілік, адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту.
6. Педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру және тәжірибе алмасуын ұйымдастыру. 
Модератор: Жаңаөзен қалалық   оқу әдістемелік орталығының әдіскері Сатова Жанар Изғожаевна.
Спикерлер:
Педагог- модератор Чуйшбаева Асем Муратовна, Балабатырова Алмагул Аллаяровна "Ұлттық құндылықтардың тірегі- еңбек" тақырыбында кіріктірілген іс-әрекетін көрсетті.
Педагог-модератор  Игиликова Нурила Утжановна "Көлік түрлері" тақырыбында кіріктірілген іс- әрекет  ұйымдастырды.
Педагог -модератор  Қалиева Маржан Құрбанбаевна "Ұлттық аспаптар-халқымыздың қазынасы" тақырыбында кіріктірілген іс-әрекет өткізді.
Педагог Сандыбаева Гулсин "Арт терапия: ішкі үйлесімділікке жол" тақырыбында педагогтармен тренинг ұйымдастырды.
Семинарға  қаламыздағы мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардан 23 педагог қатысып, тәжірибе алмасты. Семинар өте жоғары деңгейде бағаланды.