Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы. Бостандық шағын ауданы, А.Ділмаганбетов көшесі, 28 құрлыс
8 701 591 13 66
8 777 434 83 06
8 775 304 80 63
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№18 «Мереке» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы МКҚК

Бүгін Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті басталады. Биыл Қазақстан ұйымға төраға болғандықтан, біздің елдің жауапкершілігі жоғары. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттағы ортақ өзекті мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар, биыл ШЫҰ аясында Экология жылы деп жарияланды.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы 2001 жылы құрылды (1996 жылы «Шанхай бестігі» құрылған, ХХІ ғасырдың басында оның орнын ШЫҰ басты – ред.). Осы уақытқа дейін ұйым біртіндеп көпсалалы және көпфункционалды болды. Мүше мемлекеттер өзара іс-қимылдың саяси, экономикалық және гуманитарлық аспектілеріне бірдей басымдық береді.
Бүгінде ШЫҰ аймағында жер шары халқының жартысына жуығы тұрады, аумағы жер бетінің төрттен бір бөлігін алып жатыр және жиынтық ЖІӨ 24 трлн долларға жетіп қалды. Бұған қоса, қатысушылардың құрамы үнемі кеңейіп отырады. Сарапшылардың пікірінше, әсіресе қазір халықаралық жағдай шиеленісіп тұрған шақта әлемдік қоғамдастықтың ұйымға деген қызығушылығы өсіп келеді.
Бүгінде ШЫҰ-ға ресми түрде 9 ел мүше, олар: Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан. Алайда, биыл ұйымның елордада өтетін саммитінде Беларусь ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі болады. Осылайша, мүше мемлекеттердің саны онға жетеді.
ШЫҰ мүше мемлекеттер арасында кең ауқымды салалар бойынша (өңірлік қауіпсіздік, өзекті қауіп-қатерлерге қарсы күрес, экономикалық даму, тату көршілік пен өзара сенім қатынасы) әртүрлі ынтымақтастық орнатылған.