«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында №18 «Мереке» бөбекжайында ата-аналардың қатысуымен «Ретке келтір» спорттық эстафетасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, ұйымшылдықты арттыру және жауапкершілік пен тәртіп құндылықтарын дәріптеу. Қатысушылар эстафета кезеңдерінен белсенді өтіп, өзара қолдау мен ынтымақтастықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Тәртіп пен бірлік – берекелі қоғамның негізі!