Бөбекжайымызда «Тәрбиешілер мен ата-аналар қауымдастығымен балалардың арасында буллингке жол бермеу» атты іс-шаралар жоспары жасақталды. Директордың уақытша міндетін атқарушы Ажибаева Жансулу «Бала құқығы, зорлық- зомбылықтың алдын-алу» тақырыбында қызметкерлермен пікіралмасу өткізді. Олар өз ойларын ашық айтып, ортаға салды. Бөбекжай әдіскері Жансулу Абуовна «Біз бақытты отбасымыз» атты ата-аналармен тренинг ұйымдастырды. Ол әрбір отбасында зорлық-зомбылықтың жоқтығына көзін жеткізіп, аналарға психологиялық көмек берді. Тәрбиелік мәні бар мақал-мәтелдерді жалғастыру, ой-қозғау әдістемесі т.б. қызықты сәттерді жүргізіп, ата-аналарға ақыл-кеңес берумен аяқтады.
Бөбекжай педагог-психологы Салтанат Адилхановна «Отбасы–алтын діңгегі»ата-аналарға арналған тренинг жүргізді. Отбасындағы жылулықтың бала тәрбиесінде мәнінің зор екенін, ата-анасының арасындағы ұрыс-керіс, зорлық- зомбылықтың кері әсерін тигізетінін жеткізе білді.